Еліміздің жаз ғылымдар текс​

Ответ №1

Қымбатты еліміздің жас ғалым-педагогтары, бірінші Республикалық Слеттің қонақтары!Сіздерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің атынан және өз атымнан Қазақстан жас ғалым-педагогтарының бірінші республикалық Слетінің ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін ғылым мен білім саласындағы тарихи күн.  Өйткені  еліміздің жас ғалым-педагогтарының тың идеялары мен жаңаша ой-пікірлерін бөлісуі үшін алғаш рет өзара диалог алаңы құрылуда. Тұңғыш рет еліміздің белді жас  ғалым-педагогтары бірігуде. Сондықтан бұл маңызды да ауқымды кездесу болмақ. Қазіргі таңда білім мен ғылымның қарқынды өзгеру заманында еліміздегі жастардың ғылыми әлеуетін арттыру – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақ. Олай болса бүгінгі Слеттің басты мақсаты  да – мемлекет пен қоғам дамуына белсенді қызмет ететін, жаңаша тұрғыдан ойлайтын жас педагог-ғалымдарды біріктіру болып табылады, – делінген құттықтау хатта.

Оцените статью
Сервис вопросов и ответов для школьников | educatic.ru
Добавить комментарий