Достық, бірлік тақырыбына өлең шығарып көріңдер. Еліктеу сөздерді қатыстырыңдар.
Достар кім білер

беріңіздерші тезірек
уақыт жоқ
*ертерек рахмет*​

Ответ №1

Жылжып заман, өтсе де ғасыр ағын,

Асқақ арман, сақтаған асыл әнін.

Баласына даласын табыс еткен

Бабалардың рухына бас ұрамын.

Қалың жаудың айқасып арасында,

Жүрген күндер ел-жұрттың санасында.

Құрып кете жаздаған кездер болған,

Күн тұтылған қазақтың даласында.

«Елімайдай» тудырып жыр анасын,

Шерлі қазақ қалайша жыламасын.

Күңіреніп “Ақтабан игұбырынды»,

Айта жүрген «Алқа көл сұламасын».

Елге шығар жол іздеп қасіреттен,

Талай тарлан тарыққан, басы кеткен.

Бейбіт өмір, бақытын табар жолда

Ауыр жүгін арқалап ғасыр өткен.

Ғасыр өткен, бірталай дәуір өткен,

Тарих үні жеткендей ауыр-өктем.

Тағдыр сыны, талабы табыстырып,

Орыс, қазақ бір-бірін бауыр еткен.

Қатар келсе бір жерге сыймас бұрын,

Екі ел солай дамытқан сыйластығын.

Тамырласа, достасып кеткен олар

Бірін-бірі тіпті де қимас бүгін.

Соны кдуым есіне ала ма екен,

Өзге ниет, тілек жоқ ала бөтен.

Жүрек таза, көңіл ақ болған жерде

Достық мәңгі мызғымас болады екен.

Оцените статью
Сервис вопросов и ответов для школьников | educatic.ru
Добавить комментарий